Орталық Азия: Аймақтық қауіпсіздік

Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі Орталық Азия елдері тегіс ұстанып отырған саясаттың басым бағыттардың бірі. ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясы институтының директоры Сунь Чжуан-Чжидің пікірінше, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуі Орталық Азия мемлекеттерінде тұрақтылықты қамтамасыз етудің көкжиегін кеңейтіп отыр. Бүгінде өңір жаңа ахуал және қиындықтармен бетпе –бет келіп отыр, дейді сарапшы. Оның бірқатары аймақтың ішінен туындауда. Жаһандық деңгейдегі қауып-қатерлер: терроризм мен экстремизм Ауғанстандағы жағдайға салқынын тигізбей қоймайды.  Бұл келеңсіздіктерді жою қамында жұмыла әрекет ету Орталық Азия аймағында  экономикалық әлеуетті күшейтіп, инвестициялық тартымдылығын арттырады.  Аспан асты елі де аймақта тұрақталық сақталуына мүдделі дейді сарапшы.

СУНЬ ЧЖУАН ЧЖИ, ҚХР ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Аумақтық мәселелерді реттеп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде Орталық Азия өңірінің жағдайын жақсарту БҰҰ –на жүктелген. Қазақстан мен Қытай жаһандық мәселелердің бейбіт жолмен шешілуі жолында ұйымға белсенді үлес қосып келеді. Бұл тек Қауіпсіздік Кеңесінің аясында ғана атқарылған шаруа емес, өңірдегі мемлекеттердің  дипломатиялық ынтымақтығын нығайту  қамында жасалып жатқан  жұмыс екенін атап өткен жөн. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін оның айналасындағы  мемлекеттермен әріптестігін дамытуға  мән беруде. Бұл орайда   Нұрсұлтан Назарбаевтың жаппай қырып жою қаупі зор қарудан әлемді азат етуге қатысты антиядролық және терроризм мен экстремизмге қарсы бастамалары әлемде соның ішінде Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.