Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі

Нақты бастамалар мен тиімді шешімдер. Қазақстан екі жыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, халықаралық ұйымның алаңында жаһандық мәселелерді талқылауға атсалысып келеді. Ал өткен айда еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті. Дипломаттардың айтуынша, Қазақстан төрағалық еткен айда маңызды ұйымның қойған талаптары мен міндеттерін мүлткісіз орындады. Қазақстан бірқатар маңызды кездесулер өткізді, жоғарғы деңгейдегі  пікірталастардың ұйымдастырылуына мұрындық болды. Ал осы кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаппай қырып-жоюды болдырмау,  ядролық қаруды таратпау және мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту жөнінде алты шараны жариялады. Сонымен қатар, Қазақстанды Корея қақтығысын реттейтін негізгі алаң ретінде ұсынды. Ауғанстандағы жағдайға және Сирия мен Йемендегі жанжалдарға қатысты жеке кездесу өткізілді.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ҚР БҰҰ ҚК ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ұсынған біздің құжаттар мен бастамаларға жан-жақтан қолдау болды. Кейбір делегациялар аталмыш ұйымға Қазақстан басшылық етпегенде кей құжаттар мен тұжырымдаларды қолдамас едік деп ашық айтты. Бұл біріншіден, Мемлекет басшысының жоғары беделінің арқасында жүзеге асты. Еліміз ұсынған тұжырымдамаларда әлемдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты қолдайтын идеялар мен ұсыныстар көп. Бұл біздің төрағалығымыздың нәтижелі болуына ықпал етті. Біздің жоспарымыз түрлі идеямен толығып отырды да өзіміз күткен нәтижеден де асып түсті.