Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету арқылы Орталық Азия аймағындағы өзекті мәселелерді бір жақты етуге жұмыстанады. Әлемдік қауіпсіздіктегі бейбітшілікті қолдайтын еліміздің ұстанымын жаһан сарапшылары жоғары бағалайды. Аймақтық проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев Елбасының мәлімдемесінен өзекті ой түйіп, Орталық Азия аумағындағы тыныштықты сақтау жөніндегі ұсыныстарын қолдайды. 

ДМИТРИЙ ЖУРАВЛЕВ, АЙМАҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінде Қазақстанның төраға болып сайлануы - өте маңызды оқиға. Біріншіден, бұл мемлекеттің халықаралық беделін мойындау. Саяси аренада негізгі ойыншылар үшін де қолайлы. Мемлекеттер бір-бірімен келісімге келу үшін екі тараптың да сеніміне кіретін делдал керек. Қазақ елінің басты халықаралық ұстанымы да осы. Қазақстан – әртүрлі идеология, билік, дін мен экономика құрылымына қарамастан сенім мен сыйластыққа ие.

Орталық Азия мемлекеттері үшін аймақтағы қауіпсіздік қана емес, жаһандық қауіпсіздік те маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның ҚК-де жасаған мәлімдемесіне Өзбекстан дипломаттары мен қоғам қайраткерлері де үн қосып отыр. Олар жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды таратпау мәселесі әлемдік саясатта шешу рөл атқарады,- дейді. Сонымен қатар, көрші ел сарапшылары еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға да ерекше ат салысуы нәтижелі болады деген пікірді алға тартады.  

САФАР ОСТАНОВ, «ӨЗБЕКСТАН ДАУЫСЫ» ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

 - Назарбаев бұл мәлімдемесінде тағы бір маңызды мәселеге ерекше тоқталып өтті. Ол – алпауыт мемлекеттер  арасындағы бір-біріне деген өзара сенімділік. Қазіргі заманда сенім болмаған жерде байланыс та дұрыс болмайды. Өзара ынтымақтастық, саяси тұрақтылық орнағанда ғана көптеген мәселерді шешуге болады. Сонда ғана бұл келісімдер  әлемдегі тыныштықты сақтауға қызмет етпек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер