БҰҰ ҚК Қазақстан төрағалығы туралы әлемдік БАҚ-қа шолу

Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі Америка Құрама Штаттарының ең ірі басылымдарының бірі - The Washington Post-та басылып шықты. Атап айтқанда, авторлар Қазақстанды Солтүстік Кореяға үлгі етіп, ядролық қарудан бас тартуға шақырады. Басылым сондай-ақ, біздің еліміздің Президентінің ядролық державалардан КХДР қауіпсіздік кепілдігін беру қажеттілігі туралы ұсынысын келтіріп, бұл мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту және дипломатиялық келіссөздерді қалпына келтірудің маңызды шарты екенін атап өтті. Ядролық қарудан бас тарту туралы шешімнің арқасында Қазақстан өзінің ұстанымдарын және халықаралық беделін нығайта түсті.

«Эйжиан Ревью» басылымына қарасты, Жапонияның ірі медиа-корпорацияларының бірі – Никкей төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстаннан басқа елдер үлгі алсын деп атап кетті.  Мақалада АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хэйли еліміздің ядролық қаруды таратпау туралы шешімі әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі деп атады.

Жаппай қырып-жоюды дер кезінде тоқтату мен Корея түбегіндегі жағдайды ескере отырып, ядролық қарудан бас тарту бүгінде өзекті мәселе. Үнді басылымы Файн Эншл Экспресс маңызды тақырып аясында мақала жариялады. Мақалада автор Қазақстанның келіссөздер алаңына айналғанын атап өтті.