Қазақстан Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ҚК отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Күллі әлем көз тіккен шарада "Жаппай жою қаруларын таратпау: сенім амалдары" тақырыбы жан-жақты қаузалды. Қауіпсіздік Кеңесі отырысының тізгінін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұстады.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Құрметті бас хатшы мырза, құрметті кеңес мушелері, ханымдар мен мырзалар! Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және оған төрағалығын әлемдік қауымдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз.  --- Берик ынтымастық үшін ризашылығымды білдіремін.

Нұрсұлтан Назарбаев әлем мемлекеттерінің бір-біріне сеніммен қарап, талас-тартысты даналықпен шешуге қатысты негізгі 6 ұсынысын жария етті. Ең алдымен, әлемдік державаларды  ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Қазақстан Солтүстік Корея мәселесін шешу бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға әзір. Бұл үшін АҚШ, Ресей мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастық қайта қалпына келуі тиіс деді елбасы. Бүгінгі таңда Ядролық қарудан азат аумақтар құру мәселесі де өткір тұр. Әсіресе соңғы кездері ғылыми жетістіктерді желеу етіп қарулануды күшейтудің жаңа толқыны белең ала бастағанын ескертіп, алаңдаушылық білдірді. Елбасының  пікірінше  жаңа әскери және ақпаратттық техноголиялар, соның ішінде ғарыштық кеңістікті   милитаризациялау бойынша  бақылауды күшейтпесе болмайды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Әлемдік қоғамдастық  - бірегей ағза сияқты. Ол өзінің санқырлылығымен және ортақ планетада өмір сүріп жатқан ұлттар мен халықтар арасындағы тепе теңдік пен өзара түсіністіктің арқасында өміршең бола түседі. Дәл осы себепті біз халықаралық құқықтарға иек артқан әлдеқайда қауіпсіз әрі әділетті әлем құруға бірге ұмтылуымыз керек.  Бұл ретте сөзсіз тарихи миссияны жүктеген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі айрықша. Мен 21 ғасырда адамзат жаппай қырып жою қаруынан азат әлемді таңдауға қауқарды деп ойлаймын. Сондай-ақ сенім, ерік жігер, парасат-пайымға негізделген әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық әрекеті ғаламдық апатқа жол бермейді деп сенемін.

Қазақстан – ядролық қаруға қарсы күрестің көшбасшысы. Өз еркімізбен жойқын қарудан бас тартқан алғашқы мемлекетпіз. Келелі кеңесте сөз алған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы да бұл сұрақтың өзектілігін айрықша атап кетті.

АНТОНИУ ГУТЕРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:

 - Бүгінгі жиынға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Жиынның ұйымдастырылуына жетекшілік еткен Қазақстанға алғыс айтамын. Қазақстан жаһандық қырып-жою қаруын таратпау туралы бастаманы әу бастан көтеріп, үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы мәселеге президент Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алғыс айтамын.

Мемлекет басшысы жаппай-қырып жою қаруын таратпау жұмыстары өз нәтижесін бермей жатқанына алаңдаушылығын білдірді. Сол себепті ядролық арсеналын кеңейтіп отырған елдерді жазаға тартатын БҰҰ-ның арнайы қарарын құруды ұсынды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Еш күмәнсіз санкциялық шараларды бұзған мемлекеттерге қатаң шара қолдануға бағытталған БҰҰ арнайы қарарын қабылдауды ұсынамын. Біз бұл асма қажет екенін көріп отырмыз. Бекіткен Келісім-шарт кейбір мемлекеттерді, мәселен Үндістан мен Пәкістанды тоқтата алған жоқ.

Халықаралық шаруалардың бел-ортасында белсенділік танытып жүрген Қазақстан Президентінің бастамаларына әлем елдері құлақ түретіні сөзсіз.