БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: СІМ дебаты

БҰҰ ҚК төрағалығы барысындағы маңызды іс-шараның бірі: «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталастары. Жиынға еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та қатысады. Қазіргі таңда ауған проблемасын реттеу өңірдегі елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.  Мұны ресми Вашингтон мен Астана өте жақсы түсінеді және түйткілдің шешімін елді дамыту арқылы табуға  болатынына сенімді. Ақ үйдегі Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен жүздесуінде де қос ел басшылары Ауғанстанда бейбіт ахуалды қалыптастырып, Орталық Азия елдерімен берік ынтымақтастық орнату әрекетінің маңыздылығын атап өтті.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 - Қазақстан 2001 жылы АҚШ-тың терроризмге қарсы әрекетін толық қолдады. ҚазІір де Ауғанстанда атқарып жатқан жұмыстарыңызға куәміз. Ауған жерінде АҚШ әскерінің орналасуы сол ел ғана емес жалпы әлемнің терроризм ошағына қарсы тегеурінді қарсылығы. Әсіресе көрші мемлекеттер қауіпсіздігі үшін  тиімді.   Қазақстан ауған еліне 75 млн доллардың гумантарлық және техникалық көмегін көрсетті. Ауған жастарына тегін жоғары білім беріп келеміз. Бұған  50 млн доллардай жұмсалды. 

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біз ауған студенттеріне тегін білім беріп жатқан қазақстанның ұстанымын жоғары бағалаймыз. Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту үшін қосымша қолдау көрсетуге дайын Қазақ көшбасшысына алғысым шексіз. Ақш көрші мемлекеттерге құрметпен қарайтын өркениетті елдерімен серіктестік орнатуға ниетті.