1

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы тек халықаралық қоғамдастықтың ғана емес, әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Ұлттық репортаждар санаты бойынша Пулитцер сыйлығының иегері «Хаффингтон пост» атты америкалық интернет басылымы «Солтүстік Корея Қазақстаннан үлгі алсын» деген мақала жариялады. Мақалада Қазақстанның маңызды қағидасы ядролық қару-жарақтан бас тарту арқылы басқа елдерге үлгі болғаны жазылады.  Яғни, еліміз ядролық қарудан түбегейлі бас тартуда дәйектілік көрсетіп, ғаламдық саясатта мәртебесі артқан.

2

Танымал канадалық «Хиллтаймс» басылымына халықаралық құрылымдағы Қазақстанның жаңа жұмыс мәртебесі туралы мақала жарияланды. Онда Астананың бітімгершілік саясатына бейімділігі атап өтіліп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде елдің қызметі жан-жақты талқыланып жазылған. Мақала барысында Астанадағы Астана процесінің және Қазақстанның антиядролық бастамаларының оң нәтижелері туралы сөз болады. Айта кетейік, Канада 2021-2020 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болады.

3

Түрікменстандағы «Ориент Медиа Туркмен» ақпараттық агенттігі 19 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өтетін министрлік дебатқа ерекше басымдық берген. Талқылаудың басты тақырыбы – Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы аймақтық әріптестікті құру. Басылым Қазақстанның жұмысы нәтижелі болып, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі болатынына сенім білдіреді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер