Қазақстан тарихта тұңғыш рет Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы миссиясын басқарды

Қазақстан тарихта тұңғыш рет Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы миссиясын басқарды. Ұйымның өкілдері елдегі қарапайым халықпен де, билік органдарымен де кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері халық арасына елдің қажеттіліктері мен болашағы туралы толық түсінік пен ақпарат алу. Айта кетейік, 19 қаңтарда Ауғанстан мен Орталық Азия аймақтық әріптестігінің тақырыбы талқыланбақ. Дебатқа дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» атты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі отырысы өтеді. Ал 25 қаңтарда Таяу Шығыстағы жағдай талқыланады. Еске сала кетейік, «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлемді құру үшін жаһандық серіктестікті нығайтуға Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси үндеуі мен еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыстарының басымдықтары Елбасы жолдауында жан-жақты көрсетілген.