Әлемдік қауымдастық Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне үлкен үміт артады. Ең алдымен, бұл Кеңес мүшелері мен халықаралық қауымдастық арасындағы сенімді нығайтады. Қазақстан 1992 жылдан бастап БҰҰ –на мүше бола бастады. Осыдан 26 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен тәуелсіз елдің БҰҰ-на кіру баяндамасын әзірлеген еді. Сол кезде-ақ Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қазақстан Ұйымның қызметіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

АҚМАРАЛ АРЫСТАНБЕКОВА, БҰҰ ҚР АЛҒАШҚЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ, ҚАЗАҚ КСР-нің СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Қазіргі таңда біз Қауіпсіздік Кеңес мүшелерінің артқан сенімі ақталғанын көріп отырмыз. Қазақстан БҰҰ-на мүшелік еткен 25 жыл ішінде ауыр да күрделі жолды жүріп өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатының арқасында еліміз әлемдегі беделді ұйымның құрметті мүшесіне айналды.

Бұған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі және төрағасы ретінде сайлануы дәлел болмақ.

АҚМАРАЛ АРЫСТАНБЕКОВА, БҰҰ ҚР АЛҒАШҚЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ, Қазақ КСР-нің СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Қауіпсіздік Кеңес мүшелері құрамының кеңейтілуі әлемнің барлық аймақтарының мүддесін қорғауы тиіс. Бұл Қазақстанның ұстанымы. Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты өкілі құрамына бүгінде саяси беделі және айтарлықтай экономикалық жағдайы бар елдерді қосу қажет.

Қауіпсіздік Кеңестегі бір жылдық жұмысы ішінде қазақстандық делегация 60-тан астам резолюцияның қабылдануына өз септігін тигізді. Оның 11-інде және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының 27 өтінішінің бірлескен авторы атанды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер