Экваторлық Гвинея БҰҰ ҚК-де Қазақстанның дәстүрін жалғастырады

Экваторлық Гвинея БҰҰ ҚК-де Қазақстанның дәстүрін жалғастырады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі Экваторлық Гвинея 2019-шы жылы қаңтар айындағы төрағалығы кезінде Қазақстанның ізгі дәстүрін жалғастырады. Экваторлық Гвинеяның ұйым жанындағы тұрақты өкілі Анатолио Ндонг-Мба осылай деді. Өкіл сондай-ақ, Қазақстанның Кеңеске төрағалығын "кәсіби әрі жаңашыл" деп жоғары бағалады. Естеріңізге салайық,  Кеңеске тұрақты емес мүше ретінде Экваторлық  Гвинея, Кот Д’Ивуар, Кувейт, Нидерланд , Перу мен  Польша елдері кірген болатын. Қазақстанның тұрақты елшісі Қайрат Омаровтың бастамасымен тұңғыш рет жаңа сайланған елдердің тураларын салтанатты көтеру рәсімі өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы міндетін атқаруда.

АНАТОЛИО НДОНГ МБА,  ЭКВАТОРЛЫҚ ГВИНЕЯНЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Қаңтар айында Қазақстан өз жұмыс бағдарламасын түзіп , Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етіп жатыр. Сапалы күн тәртібін ұсынған қадамын құптаймын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа мүше елдердің туын көтеру рәсімін жаңа дәстүр ретінде енгізді. Бұл бастаманы жоғары бағаладық. Экваторлық Гвинея 2019 жылы Кеңеске төрағалық етеді. Және біз міндетті түрде Қазақстан жасаған жаңа қадамды жалғастырамыз.