ҚР Ұлттық музейінде «Ғаламат Қытай» фотокөрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінде «Ғаламат Қытай» фотокөрмесі ашылды

Елорда мен қала қонақтарына Қытайлық Цзянсу провинциясының өндірістік және экономикалық жетістіктерінен сыр шертер фотосуреттермен танысу мүмкіндігі жасалды. Ұлттық мұражайда «Ғаламат Қытай» фотокөрмесі ашылды. Картиналарда жергілікті тұрғындардың тұрмыс тіршілігімен қатар, өңірдегі өндіріс ошақтары, халық көптеп шоғырланатын әлеуметтік орындар, мәдени нысандар бейнеленген. Цзянсу  ірі кәсіпорындар, ауыл және балық шаруашылығы жақсы дамыған провинция. Мемлекетімізбен шекаралас аспан асыты елінің бұл аймағы қазақстандықтарға Ляньюньган порты арқылы жақсы таныс.

ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ,  ҚР ҚХР-НЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Ляньюньган портындата Қазақстандық терминал бар. Ол қазақстандықтарға тынық мұхиқа жол ашады. «Бір белдеу, бір жол» қытайлық басттамасы Қазақстан арқылы Еуропаға жол болса, Қытайдың Ляньюньган порты сіздерді Тынық мұхитының жолдарына жеткізеді. Сондықтан бұл аймақ тараптардың ең маңызды байланыс нүктесі дер едім.