Домбыра мерекесі. Ақтауда белсенді жастар ұйымдастырған кеш осылай аталады. Шара қазақтың қасиетті қара домбырасының мәртебесін өсіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтады. Флешмобқа қатысу үшін кәсіби домбырашы болу міндет емес. Қос ішекті аспапта ойнауды әдетке айналдырған өнерпаздар қазақтың танымал күйлерін орындады. Жиналған қауым бір сәт ән-күй тыңдап, рухани азық алып, жан сарайын байытып қайтты. Ұйымдастырушалырдың айтуынша, ұлттық болмысымызды ұлықтайтын шара енді жиі өткізілмек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер