Арқа төрінде көне батыс әуендері әуеледі. «Астана Опера» театры елордалықтар мен  қала қонақтарының назарына қайта өрлеу дәуірінің ренесанстық саз мәнерінің ізін басып, классикалық жанр негізін қалаған Барокколық музыканың әсем сарындарын ұсынды. XVII ғасырдың мәдениетінде салтанат құрған бұл өнер түрін қазақшаласа «әдеттен тыс үлгідегі маржан» деген ұғымды білдіреді. Осы уақытқа дейін  мән-маңызы мен тартымдылығын жоғалтпаған ескі әуендер әлемдік опера жауһарларының ажырамас бөлігіне айналып отыр. Аты жер жаһанға мәшһүр әлемдік сазгерлердің шығармашылығы да осы дәуірге сай келеді. Әуезді бағдарлама аясында Гендель, Монтеверди, Глюк, Вивальди сынды даңқты композиторлардың өшпес туындылары камералық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Кеш көркін Айгүл Ниязова, Жамилә Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Жан Тапин  сынды әншілер аша түсті. Ерекше концерттің авторы әрі жетекшісі еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

АБЗАЛ МҰХИТДИНОВ, ДИРИЖЕР, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

 - 20 жылдан астам уақыт бұрын маған Ұлыбританияның танымал жоғарғы оқу рорнында осы музыканын қыр-сырын оқып білу мүмкіндігі бұйырды. Мен ол жерде «Барокко дәуірінің ырғақтық дәстүрлері» тақырыбында дисертация қорғап шықтым. Бұл музыка күрделілігімен қатар уақыт алшақтығымен ерекшеленеді. Осыдан оның өз кезеңіне тән орындау шеберлігін келтіру аса қиынға соғады. Мен бағдарламаға борокалық композиторларды барынша көбірек қамтуға тырыстым.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер