Қазақтың өнерлі ортасында Маңғыстаудың жыр мектебі қашан да ерек тұрады. Ұлы өнерді насихаттау мақсатында былтырдан бері Ақтаудағы Өнер колледжінде жыр-терме сыныбы жұмыс істейді. Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқу ордасы дәстүрлі өнерді жалғастыруға өз үлесін қосып отыр. Сондай-ақ өңірдің рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында дәстүрлі музыкалық элекстронды сайт жасалып жатыр. Оған ән мен күй, жыр-термелер жүктеледі. Алтын қорда сақталған Сүгір жыраудың өз даусымен жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры және маңғыстаулық күйші-жыршылардың көпшілікке беймәлім болып, баспа бетін көрмеген, таспаға түспеген 200-ге жуық музылық мұрасы енгізіледі.

СҰЛТАНБЕК ҚҰДАЙБЕРГЕН, ЖОБА АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ:

 - Және осы музыкалық шығарманың нотасы қоса беріледі. Сонда біздің пайдаланушыларымыз белгілі бір күйді, әнді тек қана тыңдау арқылы емес, енді нота арқылы да үйренуге мүмкіндік бар. Мақсатымыз – Маңғыстау сияқты қазыналы түбекке шоғырланған ұлтымыздың аса бай материалдық мұраларын баршаға қол жетімді етіп, жалпыұлттық брендіне айналдыру.

Аймақта «Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты бағдарламаға сәйкес, биыл республикалық жыршылар байқауы мен халықаралық күйшілер сайысын өткізілмек. Сонымен қатар шалғайдағы өнерлі балалар үшін облыс орталығынан дәстүрлі өнер мектебі ашылмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер