Германияның самбодан бірнеше мәрте чемпионы Әсет Асқаров енді сайысқа Қазақстан атынан шығады

Германияның самбодан бірнеше мәрте чемпионы, әлем чемпионатының қатысушысы Әсет Асқаров енді сайысқа Қазақстан атынан шығады. 18 жыл бұрын Германияға қоныс аударған отандасымыз, танымал жекпе-жек түрі самбоға қызығушылығы оянып, айналыса бастайды. Әсет «Қазақстандық спортшымен рингте кездесу моральдық тұрғыда қиындық тудырады», –дейді.

ӘСЕТ АСҚАРОВ, ГЕРМАНИЯНЫҢ КОМБАТ-САМБО БОЙЫНША БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ:

 - 2016 жылы әлем чемпионатында мен қазақ спортшысына қарсы шығып, үшінші орынды иелендім. Маған қазақстандықпен рингкте белдесу ауыр әрі ыңғайсыз болды. Сосын Қазақстанның ұлттық құрама командасы келіп «Әсет Асқаров кім?» деп сұрады. Осы кезде мен қатты ыңғайсыздандым. Қазақстанның емес, Германияның спорттық киімін киген кезде барлығы «неге қазақ елінің атынан қатыспайсыз?» деп сұрады. 

Әсеттің еліне сүйіспеншілігі ерекше. Енді қазақ спортшысы Қазақстан атынан сайыста бақ сынайды. Ол қазақ балаларын самбо спортына жаттықтырсам дейді.

ӘСЕТ АСҚАРОВ, ГЕРМАНИЯНЫҢ КОМБАТ-САМБО БОЙЫНША БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ:

 - Менің арманым, әрине, әлем чемпионы болу. Мен қай елдің атынан шығып белдессем де, жан дүнием қазақ деп тұрды. Мен өзімді әрдайым қазақпын деп есептеймін. Бірінші кезекте, әлем чемпионы атанып, елге оралсам деймін. Сосын спорт мектебін ашып, қазақ балалалырн жаттықтырғым келеді.

Әсет Еуропадан келген самбо спорты бүкіл әлемге таралатынына сенімді. Ол жат жерде жүріп жиған тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпақты баулығысы келеді.