Есет Қуанов самбодан Джакаратада өтетін Азия ойындарына қатысады

Қазақстан спортшылары Джакаратада өтетін Азия ойындарына дайындалуда. Биыл олимпиада бағдарламасына самбо да енгізілді. Енді бәсекеде қазақ балуандары да бақ сынайды. Олардың қатарында Сочиде өткен әлем біріншілігінде дүниежүзі чемпионы атанған Есет Қуанов бар.

АҚӘДІЛ УБАЕВ, ЕСЕТ ҚУАНОВТЫҢ ЖЕКЕ БАПКЕРІ:

 - Биыл самбо жаңа форматта өмір сүреді. Ол Азия ойындарына кіріп жатыр. Азия ойындары Жакарта қаласы Индонезияда өтеді. Соған 62 келіде ел абройын асқақтады деп ойлаймын осы Қуанов Есет. Және де 2018 жыл әлем чемпионаты Румынияда өтеді.

Самбоның Азия ойындарының бағдарламасына енуі Есет Қуанов үшін жылдың басты жаңалығы болды. Қазір балуан өзінің командалас достарымен бірге жаттығуға кірісіп кетті. Құрлық біріншілігінде топ жару – оның басты мақсаты.  

2014 жылы Лонданда өткен дүниежізілік біріншілікте Ресейдің балуанына Аслан Мудароновтан ұтылып қалған еді. Балуан есе қайтаруды көздеп, Сочидегі әлем біріншілігінде финалда ежелгі қарсыласының жауырынын жерге тигізеді. Сочи өз балуанының жеңісіне сенімді болғаны соншалықты, қазақ елінің әнұранын дайындауға асықпапты. Үлгермеген бетте спортшыларды жеңіс тұғырына шақырады. Ту көтерілгенде әнұран ойналмайды. Абдырайтын Есет пе. Ол оң қолын жүрек тұсына апарып, шырқай жөнеледі.

ЕСЕТ ҚУАНОВ, САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

 - Еліміздің әнұраны қосылмай қалды. Сосын өзім жүрегіме қолымды қойып, жан дауысыммен шырқадым. Сосын өзіміздің еліміздің спортшылары, жаттықтырушылар бірге барған ағайларымыз, қосылып әнұранды өзіміздің жанды дауысымызбен айттық.

 

2018 жылғы Азия ойындарында 33 олимпиадалық, 11 олимпиадалық емес спорт түрлерінен  сайыстар өтеді. Джакарата бұл бәсекені екінші рет қабылдамақшы. Бүгінде қаланың солтүстігінде 60 000 көрерменге арналған жаңа стадион салынып жатыр.