«Астана Операда» камералық-вокалдық лириканың әлемдік жауһарлары шырқалды. Театрдың камералық залында «Романс сиқыры» топтамасынан «Жанымды тербеген бір өзің...» атты кеш өтті.

МАЛИКА МИНИЗИНИ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСІ:

 - Бір ай бұрын дәл осындай жанрда концерт ұйымдастырған болатынбыз. Сол кешті қайталап, көрермендерге романс сиқырын сыйладық. Өнер көрсететін артистердің дені – жас орындаушылар. Мен өзім екі туындыны орындаймын. Бірі орыс композиторы – Гурилевтің «Сердце-игрушкасы», келесісі – батыс еуропалық композитор Тостидің «Прощальная песня» деген туындысы.

Кеште қазақ, орыс, испан, француз, неміс тілдеріндегі танымал романстар мен әндер шырқалып, аспаптық миниатюралар орындалды. Тыңдаушылар назарына Е.Рахмадиевтің «Таң самалы», Н.Меңдіғалиевтің «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол», А.Рубинштейнның «Түн» және Х.Вольф, Р.Шуман, Ф.Шуберттың шығармалары ұсынылды.

МЕДЕТ ШОТАБАЕВ, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

 - Негізі, романстарды орындау өте қиын. Өйткені бұл кішкентай-кішкентай шығармалар, бірақ олардың ішінде үлкен бір дүние жатыр. Қысқа уақытта біз оны халыққа көрсету керекпіз.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер