Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұхбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша біз келер жылы үш кездесу өткіземіз. Головкин алдымен мамыр айында, содан соң қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін шығар. Әрине, мамырда біз «Канеломен» екінші рет кездесуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар Головкиннің карьерасы бір орында тұрып қалмауы үшін қосалқы жоспарымыз да бар. «Канелоны» мәңгілік күте бермейміз. Егер ол жекпе-жек өткізуге келісім бермесе, Головкиннің кездесуін қабылдайтын спорт кешендері бар. Менде қосымша жоспар да бар. GGG Джейкобспен екінші рет кездесуі мүмкін», - дейді Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен тең түскен еді. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер