Астанада тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтуде. Төртінші мәрте ұйымдастырылған халықаралық жарысқа 25 елден 70-тен астам спортшы келді. Елорда төріндегі зияткерлік сайыста Орта Азия елдерінен бөлек, АҚШ,  Ауғанстан, Германия, Ұлыбритания, Чехия, Қытай, Моңғолия, Швейцария, Колумбия мен Үндістанның қыз-жігіттері жарысуда. Биылғы бәсекеге тұңғыш рет Австрия, Камерун, Польша және Украинаның ойлы ойыншылары да келіп отыр. Әлем біріншілігі ерлер және әйелдер арасында классика, рапид және блиц бойынша өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан алғаш рет командалық сайыстар қарастырылған. Әлем чемпионаты апта соңында аяқталады.

 

ӘЛИХАН БАЙМЕНОВ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Азия емес, сонымен қатар, Еуропа, Солтүстік, оңтүстік Америка, Африка елдерінде тоғызқұмалақ ойыншылары өздерінің біліктіліктерін жетілдіріп, халықаралық жарыстар жыл өткен сайын жоғары деңгейде өтуде. Егер бұрындары Қазақстан, Қырғызстан ойыншылары жеңімпаз болатын болса, соңғы жылдары жеңімпаз жүлдегерлердің арасында Германия, Чехия, Моңғолия өкілдері де қосылып, олар да өздерінің шеберліктерін шыңдау үстінде.

 

СЕТ БОНТИ-АСАМОА ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ /ҰЛЫБРИТАНИЯ/:

 - Тоғызқұмалақ ойынымен тоғыз жыл бұрын таныстым. Адамның ойлау қабілеті мен тез есептеуге шыңдайтын ойын түрі маған қатты ұнады. Ұлыбританияда тоғызқұмалақтан шағын жарыстар өтіп тұрады. Сол сайыстарда шеберлігімді жетілдірдім. Енді әлем чемпионатына екінші мәрте қатысып жатырмын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер