ЕХРО-2017 көрмесі аясында әлемдік бокс жұлдыздарының жекпе-жегі өтеді. Дүниежүзілік бокс кеңесі – WBC-дің (дабл ю, би, си ) 55-ші мерейтойлық Конвенциясы Астанада тамыздың 25-і мен қыркүйектің 1-і аралығына жоспарланып отыр. Бұл туралы көрме кеңсесінің штаб-пәтеріне WBC Конвенциясының туын табыстау рәсімінде айтылды. Еліміздің Кәсіби бокс Федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, Астанаға келуге ынта білдірген былғары қолғап шеберлерінің тізімі бар. Олардың қатарында  Флойд Мейуезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, әйгілі Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли бар. Сонымен қатар, Геннадий Головкин де төбе көрсетпек. Ал шара шеңберінде өтетін бокс кеші әлемнің 40-тан астам еліне тікелей эфирден көрсетіледі.

 

АЛМАТБЕК МЫХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Кәсіпқой боксының конвенциясы WBC болайын деп жоспарланып отыр. Соған байланысты көп атақты боксшылар келеді. Бәрі келісімін берді. Өте бір ауқымды мейрам болады деп сенімдеміз. Соған байланысты дайындықтар жүріп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер