Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскеленде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», - деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер