Болгария елінде 2017 жылғы ММА спортынан ашық Еуропа чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы бұл додада 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды dodasport.kz

Берік Шыналиев өзінің былтырғы нәтижесін қайталап, екі дүркін Еуропаның қола жүлдегері атанып отыр. Одан бөлек тағы бір қола жүлдені Джохар Таймусханов иеленді.

Құдайберген Төлеубаев болса финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз ақтық сында Швед спортшысына есе жіберді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер