Германияның Галле қаласында өтіп жатқан жыл сайынғы «Chemistry Cup» турнирінің финалына 5 қазақ боксшысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Жарыста 49 келіге дейінгі салмақта Ержан Жомарт эквадорлық Карлос Купомен қолғап түйістірді. Есеп 1:4 болып, жеңіс эквадорлыққа бұйырды. 52 келіге дейінгі салмақта Азамат Исақұлов америкалық Гилберт Рентеримен жұдырықтасқан еді. Боксшымыз қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев америкалық Дюк Раханнан 0:5 есебімен жеңіліп қалды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділет Құрметов америкалық Деланте Джонсонмен жұдырақтасып, ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтты. 69 келіге дейінгі салмақта Абылай Жүсіпов поляк спортшысы Демиан Кивиормен жұдырықтасып, қарсыласын 0:5 есебімен айқын жеңді. 75 келіге дейінгі салмақта Әділхан Аманқұл неміс боксшысы Сильвио Ширлді айқын басымдықпен ұтты. 81 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетовтің жарысқа қатыспай қалғанына байланысты жеңіс Максим Коцқа бұйырды. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев неміс боксшысы Макс Келлерді 5:0 есебімен жеңді.

Енді жеңіске жеткен қазақстандық 5 спортшы «Chemistry Cup» турнирінің финалында бақтарын сынайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер