Қысқы Универсиада ойындарының тоғызыншы күні біздің биатлоншы Галина Вишневская кезекті алтын медальін алып, 28 қысқы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Ерлер масс-стартында Роман Еремин мен Антон Пантов қола жүлдеге ие болды.

ГАЛИНА ВИШНЕВСКАЯ, УНИВЕРСИАДАНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ:

Бүгінгі жарыс сәтті басталды. Өйткені Дарья Усанова екеуіміз команда болып жұмыс істедік. Өкінішке қарай ол ату кезінде қателіктерге жол беріп жүлделі орыннан шет қалды.Бірақ менің жеңісіме үлес қосты. Сондықтан бұл команданың жеңісі.

Шаңғышылар жарысында Анна Шевченко қола, қыздар эстафетасында күміс медаль иеленді. Анна жаппай жарыс бастағандар бәсекесінде де шеберлік танытты. Талайға дейін топ бастап, мәреге тақаған тұста ресейлік қыздар Лилия Васильева мен Анна Нечаевскаядан қалып қойды. Ольга Мандрыка бесінші, Ангелина Шурыга сегізінші келді.

АННА ШЕВЧЕНКО, УНИВЕРСИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Барымды салдым 15 шақырым жылдам өту оңай емес. Бірақ соңғы айналымда  қарсыластар жылдамдықтарын арттырды. Қалыспадым. Дегенмен бұл нәтижеге де ризамын».

Шорт-тректен мың метрлікте Денис Никиша қола жүлегер атанды. 3 мың метрге созылған қыздар эстафетасында ел спортшылары да үшінші орыннан көрінді. Қазақстан бес мың метрлік ерлер эстафетасында да қола жүлде иеленді. Нәтижесінде Қазақстанда 11 алтын, 7 күміс, 16 қола бар. Командалық есепте Ресейден кейін екінші орында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер