Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиадаға орай ҚР Президенті мұрағаты қазақ спортының жетістіктерін паш ететін тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырды. Мұнда өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап осы уақытқа дейінгі аралықтағы ел спортының ең таңдаулы сәттері көрсетілген. Яғни ел спортының дамуын баяндайтын мыңдаған ресми құжаттар, бұйрықтар, мадақтаулар мен суреттер сақтаулы. Көрме үш кезеңді қамтыған.

БОРИС ЖАПАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші кезеңі 1936-1946 жылдарды қамтиды. Бұл – еліміздегі кеңес дәуіріндегі бұқаралық спорттың қалыптасу уақыты. 2-кезең 1946-1991 жылдар аралығын қамтиды. Бұл уақытта кеңес дәуірінде спорттың кеңінен қанат жаю елімізде, алғашқы чемпиондардың шыққан уақыты болатын. Қазақстан ұлттық командасының қазіргі жетістіктері мына үшінші кезеңге арналған.

1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровтің бағын ашып, Олимпиада чемпионы атанды. Сол кездегі жеңісті күндер мен қуанышқа толы сәттер ешқашан естен кетпейді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ, МӘСКЕУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

Әр Олимпиадада алтыннан алқа тағып жатырмыз ғой. Барып жатыр мемлекетіміз, туымызды көтеріп, әнұранымызды шарқатып жатыр. Ол – деген біздің жастарымыздың өскендігі.  Барлығы мемлекеттің күштілігіне байланысты.

Президент мұрағаты спорт саласындағы елеулі табыстарды назардан тыс қалдармайды. Жақында қоры Алматыда өтіп жатқан 28-қысқы Универсиадада ел спортшыларының жетістіктері туралы деректермен толыға түседі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер