Алматыда өтіп жатқан 28-қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық фристайлшы қызымыз екінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Параллельді могу сайысының финалында отандасымыз ресейлік Елизовета Безгодовамен сынға түсіп, 17:8 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл Универсиада ойындары барысында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жетінші, ал Юлия Галышеваның жеңіп алған екінші алтын жүлдесі. Бірінші алтын жүлдесін отандасымыз 2 ақпан күні могул сайысында жеңіп алған еді.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер