Юлия Галышева. Фото с сайта people.cn

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалінің жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13), ал қола австриялық Катарине Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

Еске салайық, Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Галышев 67,06 балл жинап, финалға шыққан болатын. 

Бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алты, 2 күміс, 4 қола) болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер