Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті, деп сүйінші сұрайды Vesti.kz

Үшінші алтын жүлдені биатлоншы бұрымдымыз Галина Вишневская алып берді. Ол 7,5 шақырымға спринт сайсында сынға түсіп, үздік шықты. Бұл қашықтықта отандасымыз 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды. 

Биатлон. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым

1. Галина Вишневская (Қазақстан) — 21:43.1 (1+0)
2. Яна Бондарь (Украина) — +22.8 (1+1)
3. Анастасия Егорова (Ресей) — +36.7 (1+0)
7. Дарья Усанова (Қазақстан) — +1:06.0 (1+2)
8. Анна Кистанова (Қазақстан) — +1:11.1 (0+2)
12. Алина Райкова (Қазақстан) — +1:31.1 (0+1)
18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +2:45.3 (2+2)
21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +3:05.8 (1+2)

Еске сала кетейік, бұл Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді. 

Айта кетейік, сонымен қатар бұл Қазақстан құрамасы үшін Универсиада ойындарындағы үшінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер