Галина Вишневская. Фото с сайта biathlon.kz

Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова 15 км болатын жеке сайыста Қысқы Универсиадада жеңіске жетті.

Райкова екі рет қателесіп, қашықтықты 59 минут 48.7 секундта еңсерді, деп хабарлайды Vesti.kz

2-ші болып мәреге тағы бір еліміздің спортшысы Галина Вишневская (+2:21) жетті. Үштікті Украина қызы Надя Белкина түйіндеді (2:23).

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер