2017 жылғы Қысқы Универсиадаға соңғы дайындық шаралары жүргізілуде. Жастардың спорт додасына арнап салынған атлеттер ауылы 5 мың адамды қабылдайды. Жақында оның мэрі тағайындалды. Универсиада дирекциясы бұл құрметке боксшы, еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы әрі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті лайық деп тапты.

СЕРІК СӘПИЕВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:

Атлетикалық ауылдың мэрі қызметіне ұсынылғанымды естігенде, қуандым, әрине, және қандай жауапкершілік жүктелгенін де түсінемін. Менің міндетім - делегация өкілдерін, спортшылар мен меймандарды қазақ елінің өкілі ретінде қарсы алып, олармен әңгімелесіп, біздің еліміз туралы айтып беру. Онда музей бар, соны көрсетемін. Егер қандай да бір олқылықарды көріп қалсам, мәселені шешуге тырысамын. Спортшы ретінде көп жарыстарға шығып жүрмін ғой, сондықтан қандай мәселелер болуы мүмкін екенін білемін.

Универсиада қарсаныңда «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында тестілеу жарысы өткізілді. Оған жүзден астам қазақстандық шаңғышы мен сноубордшылар жиналып, Қазақстан Кубогі аясында спорт шебері атағын сарапқа салды. Спортшылар жарыс жолы сайысқа толықтай дайын дейді.

АЛЕКСЕЙ СЫСОЕВ, ТАУ ШАҢҒЫ СПОРТЫ БОЙЫНША ҚР КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:

Біз бұл жерде бір ай шамасында жаттығудамыз, Алматыда, осы тауда. Еңіске машықтану үшін. Туған жерімізде болғандықтан, басқалардан кішігірім үстемдігіміз бар.

ТАТЬЯНА БОРОДИНА, РИДДЕР Қ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАПКЕРІ:

Әрине, универсиадаға дайындық айтарлықтай. Шыңымды айтсам, осындай дайындықты алғаш рет көріп тұрмын.

«Алып слалом» жарысы бойынша Универсиада үміткерлері – Захар Кучин мен Екатерина Карпова осы марафонда өз нәтижелерін дәлелдеді. Сноубордшылар жарысында ерлер арасында бірінші орынды Дмитрий Игоренко иеленсе, әйелдер арасында Юлия Бондарева жеңіске жетті. Тестілеу марафонына Алматыдағы Универсиадада бақ сынасатын спортшылар қатысты.     

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер