Бұл Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ашылған жәрмеңке. Ұлттық бұйымдардың түр-түрі қойылған орталық Универсиадаға арнайы ұйымдастырылған. Жәрмеңкеге Республикадан 100-ден аса шебер жиналған. Олар саз-балшықтан бастап, темірден түйін түйіп, ұлттық киімдерге дейін тігіп алып келген. Ұлттық өнер жәрмеңкесі бүгіннен бастап, оныншы ақпанға дейін таңғы сағат оннан кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді.

ҚҰРАЛАЙ МҰХАМЕТЖАНОВА, ШЕБЕР:

Біздің мақсатымыз - қазақстандық естелік заттарды ұсыну. Кәдесыйлар сатып алған шет елдіктер біздің елді жиі еске алып жүретін болады.

28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 59 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. 12 спорт түрінен 86 медаль сарапқа түспек. Универсиада кезінде 7 мыңнан астам полиция жергілікті халық пен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Алматы қаласындағы екі аурухана аумағынан жедел медициналық көмекті қамтамасыз ететін тікұшақ алаңы салынған. Универсиада кезінде техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сай келмейтін көліктер Алматыға кіргізілмейді. Ақпарат және коммуникациялар министрінің айтуынша Универсиада әлемнің 80 елінде тікелей эфирде таратылады. Болжам бойынша дода көрсетілімдерін миллиардқа жуық адам тамашалайды.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ:

Еліміздің аумағында Универсиада Қазспорт, Қазақстан және Хабар арналарынан таратылатын болады. Барлығы 200 ден астам тікелей көрсетілім жасалады деп жоспарланып отыр.

Алматыға Универсиада қатысушыларының алғашқы делегаттары келіп жатыр. Шаһар тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін 7,5 мың тәртіп сақшысы мен әскерилер қадағалайтын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер