Универсиада нысандарында дода алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені – солардың бірі. Азиада, Олимпиадалық, Профессор секілді барлығы жеті трасса жабылды. Сырғанайтын басқа жолдар бұрынғы қалпында жұмыс істейді. Сондай-ақ, түнгі уақытта шаңғы тебуге уақытша тиым салынды. Студенттік ойындар аяқталған соң қайта жалғасады. Жабылған трассаларда телехабар таратуға арналған кабельдерді тарту, уақытша трибуналарды орнату, сөре мен мәре қақпаларын қою жұмыстары басталып кетті.

СЕРГЕЙ ЦЫБЕНКО, УНИВЕРСИАДА ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Шымбұлаққа үлкен міндет жүктелген. Тау шаңғысы, фристайл мен сноуборд жарыстары осында өтеді. Әлемнің 20-дан астам елінен келген 750 спортшы сынға түседі. Сондықтан, барынша жылдам дайындалып жатырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер