Бірнеше күннен кейін Универсиаданың символы бейнеленген кәдесыйлар сатылымға шығарылады. Ұлттық нақыштағы малақай киіп, мойынорағыш тағынған сұңқардың балапаны жиырма сегізінші Универсиаданың бойтұмары ретінде былтыр бекітілген. Келбеті мультфильм бейнесінде жасалғанымен шынайы сұңқардың кейпі өзгеріссіз қалдырылған. Айта кетейік, символдың алғашқы нұсқасы 2013 жылы жасалған. Дегенмен әлеуметтік сауалнама кезінде оны жетілдіру керектігі анықталған. Тек өткен жылдың жазында оның нақты бейнесі бекітіліп, қаламсап, жейде, кітапша секілді бірқатар заттарға басыла бастады. Қазір байрақты шараның символы бедерленген естелік заттардың оннан аса түрі дайындалған.

БАЯН БОЛАТ, УНИВЕРСИАДА-2017 ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бұл жерде Сұңқардың түсін өзгерттік. Бас формасын кішірейтіп, көздері де жетілдірілді. Ұлттық нақыш енгізілді. Оюлы малақай мен мойынорағыш орадық. Нәтижесінде, Универсиаданың соңғы әрі нақты бойтұмары бекітілді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер