Таразда қазақ күресінен өткен жарыста 66 келіде үшінші орын үшін сынға түскен Бахтан Гарипуллаев қарсыласына ешкім күтпеген тәсіл жасап, жеңіске жетті, деп хабарлйды Айқын газеті.

Бұл бейнекөріністі спорт шебері өзінің әлеуметтік желісінде жариялады. Залға жиналған көрермен қазақ күресінің  майталманына риза болып, дүркіретіп қол соқты. 

Бахтан Гарипуллаев  22 жаста.Ол  Қазақстанның чемпионы. 

«Қазақ күресімен бес жылдан бері айналысып келемін. Бейнекөріністегі жекпе-жекте  мен үшінщі орын үшін белдестім. Ал бұл тәсілді боз кілемдегі жарыста бірінші рет қолдандым.  Мұны оңай жүзеге асыру үшін ұзақ жаттықтым. Жалпы әккі, мықты спортшылар қандай амал қолданатыныңды сезіп қояды. Сондайда қарсы әдіс қолданып жіберуі де мүмкін. Сондықтан мен бұл тәсілді тез әрі күтпеген жерден жүзеге асырдым. Ең бастысы, жаттығудағы  тәсілім тайталас бесекеде жүзеге асты» ,- дейді Бахтан Гарипуллаев.

Енді наурыз айында қазақ күресінен оңтүстік астанада үлкен жарыс өтпек. Алматыдағы бәсекеге қызу дайындалып жатқан Бахтан Гарипуллаев бұл тәсілін реті келсе, тағы  да қолданып көрмек. 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер