Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Додада бақ сынайтын спортшылар қызу дайындық үстінде.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарына тұңғыш рет 2015 жылы қатысты. Гранадада өткен жарыстарда біздің қыздар бесінші орын алған болатын. Мамандар сол жарысты Алматы Универсиадасына дайындық деп бағалаған еді.

МЕРУЕРТ РЫСБЕК, ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Универсиаданың біздің елде болғанына өте қуаныштымыз. Бар күшімізді салып, жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Және жүлделі орынға ие болуға тырысамыз.

Біздің қыздар Канада, Ұлыбритания және Қытай спортшыларымен бір іріктеу тобында. Сондықтан жарыстың алғашқы күнінен бастап тартысты өтері сөзсіз.

АЛЕКСАНДР МАЛЬЦЕВ, ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Команда атынан хоккей жанкүйерлерін, студенттерді бізді қолдауға шақырамыз. Бәсеке оңай болмайды. Оның үстіне үйдегі жарыстар психилогиялық тұрғыдан да қиын. Сондықтан бұны да ескереміз».

Универсиадада шаңғышылардан үміт зор. Қазір нақты құрам бекітіліп қызу дайындыққа кірісті. Олардың арасында Ақмола облысынан 5 бірдей спортшы бар. Соңғы оқу-жаттығулар Беларусь елінде өтеді.

ЮРИЙ СТАРОСТИН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

Біздің шаңғышылар Универсиада тарихында  ойып тұрып өз орнын алды. Енді осы қарқында төмендетпей, алдағы додода ең жоғары нәтиже көрсетуіміз керек. Әрине, өз елімізде өтетіні жақсы. Дегенмен, үлкен жауапкершілік те бар. Соған сәйкес, біздің спортшыларға психологиялық, һәм, физикалық тұрғыдан да үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Ел сенімі ақталады деп ойлаймын.

Байрақты бәсекеде фристайл-акробатикадан ел намысын 6 спортшымыз қорғаса соның бесеуі оңтүстік қазақстандық. Олар да қазір универсиада алдындағы соңғы дайындықтарын жүргізуде.

ЖАНБОТА АЛДАБЕРГЕНОВА, ФРИСТАЙЛШЫ:

Дайындық жақсы. Біз Фин елінен бастадық. Нәтежием жақсы. Алға қойған мақсатыма жетіп жатырмын.

Ал Қазақстандық конькишілер Қытайға аттанды. Алматыдағы универсиадаға дайындалып жатқан ұлттық құрама кешенді сын алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын Үрімші қаласында өткізеді. 2016 жылы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып Людмила Прокашева тағайындалғаны белгілі. Шыңжаңдағы оқу-жаттығу жиыны 18 қаңтарға дейін созылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер