Астанада «EXPO-2017» көрмесі шеңберінде Дүниежүзілік бокс кеңесінің мерейтойлық 55-ші конвенциясы өтеді. Шешім Америка Құрама Штаттарында Дүниежүзлік бокс кеңесінің 54-ші конвенциясында қабылданды.

 

ЕРЛАН БЕКХОЖИН, ҚР КӘСІПҚОЙ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл – өте маңызды, әрі жауапты іс. Біз әлемге тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізді көрсеткіміз келеді. Бейне таныстырылымыз қатысушыларға қатты ұнап, зор қолдауға ие болды.

 

Бокс әлеміндегі белді шараны бас қаламызда өткізуге қол жеткізу – Қазақстанның тағы бір ірі жеңісі әрі дүниежүзіне еліміздің табысын паш ететін мүмкіндік. Келесі жылы халықаралық көрме шеңберінде өтетін мерейтойлық конвенцияға әлемнің 160-тан астам елінің өкілдері қатысады.

 

ЭВАНДЕР ХОЛИФИЛД, КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ/АҚШ/:

Мен үшін Қазақстан тарапынан шақыру алғаным және WBC елшісі болып бару – үлкен құрмет. Сіздің еліңізге барып, қазақстандықтарға қайталанбас күлкімді сыйлап, бақытқа бөленсем деймін.

 

WBC (Дабл Ю Би Си) ұйымын 1963 жылы 11 бокс федерациясы бірлесе құрған. Штаб пәтері – Мехикода. Қазақстан конвенцияға 90- жылдардың басынан қатысып келеді. Ал беделді шараны қазақ жері ТМД елдері ішінде, Ресейден кейін, екінші өткізетін мемлекет болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер