Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшада өткен халықаралық әйелдер турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Гроссмейстерлер арасындағы әйелдер турнирі Вроцлав қаласында 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Халықаралық гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға арналған сайыста Польшаның әйелдер құрамасы, Бакудегі шахматтан Олимпиаданың күміс жүлдегерлері мен Еуропаның өзге де шахматшылары бақ сынады.

 

Турнир барысында отандасымыз төрт рет тең түсіп, бес рет жеңіске жетті. Осылайша, тоғыз турдың қорытындысы бойынша Әбдімәлік жеті ұпай жинап, бірінші орын иеленді.

 

Айта кетсек, Жансая қыздар арасындағы төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік шахматшысы (20 жасқа дейін) атанды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер