«Астана» өз алаңындағы соңғы ойынын Кипрдің 25 дүркін чемпионы «АПОЭЛ» командасына қарсы өткізді. Нәтижесінде елордалық клуб қарсыласын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Бірінші таймнан-ақ «Астана» басымдықты өз қолына алып, өткір шабуылдар ұйымдастырды. Матчтың 2-ші минутында Кабананганың сол қапталдан шығарып берген ұтымды пасын шабуылшы Рожер Камес пайдалана алмады. Доп қақпадан қисық кетті. Кейін елордалық команда бірнеше рет өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен одан нәтиже шықпады.

 

31-ші минутта «Астана» футболшыларының қателігін ұтымды пайдаланған АПОЭЛ» командасының жартылай қорғаушысы Георге Эфремнің алыстан бағыттаған соққысы Ненад Эричтің қақпасынан табылды. Кейін 31 (46) «АПОЭЛ» командасының қорғаушысы Иньяки Астис Джуниор Кабанангаға қарсы ойын ережесін өрескел бұзып, алаңнан қуылды. Төрешінің шешімін жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков айып соққысын орындады. Өкінішке қарай, оның соққысы қақпадан биік кетті. Кейін елордалық клуб есепті теңестіруге бар күштерін салды. Бірақ «АПОЭЛ» командасы сауатты қорғана білді. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

 

Екінші таймда да «Астана» командасы жиі шабуылдар ұйымдастырды. 59-шы минутта Марин Аничич «АПОЭЛ»-дің қақпашысы Ватерманның қателігін ұтымды пайданалып, есепті теңестерді.

 

Жеңіс голын 84-ші минутта Джордже Деспотович салды. Қорытынды есеп: 2:1. «Астана» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осы жеңісімен елордалық клуб 3 ұпайға ие болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер