Футболдың отаны Англиядағы әйгілі Уэмбли стадионында қазақстандық жастардың ұйымдастыруымен футболдан ТМД кубогы өтті. 10 жылдан астам уақыттан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирдің биылғы жеңімпазы - лондондық «Армада» құрама командасы. Олар өз кезегінде өздерінің емес, достықтың жалауы желбірегеніне сенімді және жеңістерін Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Шараны ұйымдастырушы – Біріккен Корольдіктегі Қазақстан студенттерінің қауымдастығы. Турнирде қатысушылардан жиналған қаражат елдегі науқас баланың еміне жұмсалады. Өз елінің патриоттары Қазақстанның болашағы сауатты және салауатты жастардың қолында екендігіне сенімді. Студенттер «Болашақ» бағдарламасымен Лестер университетінде магистратурада білім алуда.

 

Жангелді ҚАУПЫНБАЕВ, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Бұл жылы біз турнирімізді ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отырмыз. Біз Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің жастарымен тығыз байланыстамыз. Біз осынау ұлы мерекені достарымызбен  бірге атап өткенді жөн көрдік.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер