Словенияда Турпал-Али Қадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан қоржынына 10 медаль түсті, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Градек қаласында кадеттер арасында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 10 медальға ие болды. Оның екеуі – алтын, төртеуі – күміс, төртеуі – қола.

 

1 орын – Камила Берлікаш (+70 кг)

1 орын - Нұрсұлтан Манарбекұлы (34 кг)

 

2 орын - Абдусамат Бақыт (50 кг)

2 орын - Жәнібек Тельман (55 кг)

2 орын - Нұрзат Салимбаев (60 кг)

2 орын - Данияр Әшімхан (66 кг)

 

3 орын - Меруерт Сарсенова (52 кг)

3 орын - Бақытжан Абдурахманов (66 кг)

3 орын - Сұлтан Серікбай (+90 кг)

3 орын - Санжар Жабборов (+90 кг)

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер