Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында замануи бессайыстан ашық чемпионат және Азия біріншілігі аясындағы жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Kazinform sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Ерлер арасындғы үздік көрсеткіштер бойынша үштікті Ли Донгги (Корея), Темірлан Айтымбетов (Қырғызстан) мен Денис Тюрин (Қазақстан), әйелдер арасында - Жеонг Мина (Корея), Полина Матюхевич (Ресей) мен Ким Сэхии (Корея) құрады. Командалық есепте ерлер арасында Корея құрамасы алға шықты. Екінші орынға Қырғызстан құрамасы тұрақтады. Үшінші орынға қзақстандықтар - Денис Тюрин, Владислав Сухарев, Павел Ильяшенко табан тіреді. Әйелдер арасында да Корея құрамасы үздіктердің көшін бастады. Екінші орында Қазақстан (Ардақ Ахидулаева, Елизавета Ахметова, Регина Тамакина), үшінші орында Қырғызстан тұр.

 

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды: алтын, 6 күміс және 4 қола.

 

Сурет: pentathlon.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер