"Барыс" биылғы құрлықтық хоккей лигасындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Астанада Мәскеулік "Динамоны" қабылдаған елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті. Ойынның 15-ші минутында қорғаушы Кевин Даллмэн алыстан күшті соққысымен қақпаны дәл көздеді. Шабуылдағы әріптестеріне дем берген ойыншының шайбасы матч тағдырын шешті. Екінші және үшінші айналымда нәтижеге өзгерген жоқ. 19 кездесуден кейін 23 ұпай жинаған "Барыс"  шығыс тобында 13-ші орында тұр. Астаналық ұжым келесі ойынын 20-шы қазан күні "Витязь" командасымен өткізеді. Сосын екі күннен кейін "Локомотив" елордаға келеді.  

 

 

Сурет: Locman.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер