Бүгін Қазақстан футболшылары әлем біріншілігінің кезекті іріктеу матчын "Астана аренада" өткізеді. Қарсыласымыз - Румыния. Черногориядан оралған соң еліміздің құрама командасы Подгорицадағы кездесуді талқылап, кемшін тұстарды сарапқа салды. Нақты шешімдер қабылданып, румындарға қарсы ойнайтын жігіттер анықталды. Бас жаттықтырушы Талғат Байсуфинов әсіресе орта тұста көп өзгеріс орын алатынын айтты. Команда капитаны Бауыржан Исламханның екі ескерту алуына байланысты тізімнен сырт қалатыны өкінішті. Ойынға жаңа леп қосатын шәкірттер бар, румындарға төтеп беретініне сенемін,- деді ол. Баспасөз маслихатына қатысқан тілшілер сауалының басым бөлігі өткен ойындағы олқылықтар төңірегінде өрбіді.

 

Талғат БАЙСУФИНОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Уақыт та аз. Теория жасадық. түгелін көрсеттік, қазір да тренировка жасаймыз. көп нәрсеге, бір екі позиция көрсетеміз.

 

Елдос АХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

Біздің мақсатымыз ойымыз үйде ойнаймыз, біздің жерімізде. өзге мемлекетте енді өздеріңіз көрдіңіздер, ондай нәрселер болады, балалардың бәрі түсініп отыр деп ойлаймын, ертеңгі ойынның маңызын. Өйткені біздің елімізде, қазақ жерімізде ойнаймыз өзіміздің .

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер