Қызылордада жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ел біріншілігі басталды. Мұз айдынында 2004 жылы туған спортшылардан құралған 7 команда шеберлік байқасып жатыр. Сыр өңірінде алғаш рет ұйымдастырылған жарыс 140 хоккейшінің басын қосып отыр. Құрылғанына 3-ақ жыл болған жергілікті «Қайсар» хоккей командасының аяқ алысы жақсы. Сырбойылық спортшы өрендер республикалық чемпионатқа алғашқы қатысқан жылы 3-орыннан көрінді. Енді 3 турдан тұратын биылғы біріншілікте топ жарып, «А» тобына өтуді көздейді. 

 

Владимир СУСЛОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

Қазақстанда балалар хоккейі қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі таңда қысқы спорт түрі кенже дамыған Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент облыстары да команда жасақтап жатыр. 16-шы қазанға дейін жалғасатын Сыр еліндегі жарыс көптеген талантты ойыншылардың талабын ұштайды деген сенімдеміз.

 

 

 

Сурет: e-kyzylorda.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер