Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын «Барыстың» америкалық хоккейшісі Брэндон Боченски ҚХЛ тарихында үздік шетелдік мерген атанды, деп хабарлайды inform.kz, rsport.ru сайтына сілтеме жасап.

 

Дүйсенбіде Боченски ресейлік «Нефтехимикпен» матч кезінде (5:4) ҚХЛ тарихында 149-шы шайбасын салып лигадағы шетелдіктер арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

 

Тізімдегі екінші орында канадалық шабуылшы Джефф Плэтт (148 шайба) тұр, ол осы маусымда ҚХЛ-дан тыс шведтардың «Векшё Лейкерсінің» құрамында.

 

Үшінші орында «Барыстың» тағы бір шабуылшысы канадалық Найджел Доус (146), ол да Қазақстан құрамасында ойнайды.

 

Фото: sports.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер