Таразда жаппай көкпардан кезекті жарыс өтті. Ұлттық ойынға облыстың - білекті де жүректі жігіттері қатысты. Сонымен қатар, көрші Қырғыз елінің тәжірибелі спортшылары мен ақын, жыршылары да ере келген. Жамбыл жерінде жиі болып тұратын шараға бұл жолы 50 шақты шабандоз жиналды. Бұл - ірі жарыстар алдында шеберлік шыңдап, тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік беретін сын. Өзіндік дәстүрі қалыптасқан ойынның өткізілуі өңір тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

 

ШАРАФИ ҚАЛДАРБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Үлкен облыс көлемінде, республика көлемінде емес міндет. Міндет ауданда болсын, ауылда болсын. Аз болсын, көп болсын біз ұйымдастыруымыз керек. Жастарды осы қазіргі өзіміздің салт дәстүрімізге тартуымыз керек. + Бұл біздің жастардың көкпаршылардың әрқайсысының азаматтардың денсаулығына өте пайдасы бар деп ойлаймын. 

 

Сурет: surak.szh.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер