Алатау бөктерінде өткен 4-ші халықаралық "Алматы туры" веложарысы мәреге жетті. Сайыста «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко қатарынан үшінші мәрте жеңімпаз атанды. Топ жарған Алексей жарыс жолын 4 сағат 23 минут 55 секундта еңсерді. Қашықтығы 186 шақырымдық сайысқа Еуропа мен Азия елдерінен келген 14 команда қатысты. Дүбірлі додаға 2014 жылы ең жоғарғы дивизионның кәсіпқой командалары ойнайтын 1.1 категориясы берілген болатын. Алдағы жылдан бастап "Алматы турын" көп күндік сайысқа айналдыру көзделіп отыр. 

 

ДЖЕК ВАТСОН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕЛОСИПЕДИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ, ВЕЛОЖАРЫС ДИРЕКТОРЫ

"Алматы турын"  көп күндік ретінде ұйымдастырсақ деген ойымыз бар. Велосайыс 5 күнге дейін жалғаспақ. Енді бұл мәселені халықаралық велосипедистер одағымен талқылау керек. 

 

Сурет: thenews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер