Таразда еркін күрестен жастар арасындағы республикалық ашық турнир басталды. Жарысқа еліміздің 7 өңірі мен Астана, Алматы қаласынан 120 спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде Өзбекстан мен Қырғыз елінің ең үздік балуандары да өнер көрсетуде. Еркін күрестен ел құрамасына спортшылар дайындауды діттеген дода екі күнге созылады. Спорттық шара биылдан бастап Жамбыл өңірінде жылда өтетін болды.

 

Нұржан ЖОЛДАСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастар арасында бұл облыста ұйымдастырылып өтетін ең ірі жарыстардың бірі болып саналады. Қазақстан құрама командасы сапында күресетін спортшыларға баспалдақ ретінде және мынау тәжірибесін көтеру, шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер