Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысында қазақ күресінен алтыншы әлем чемпионаты өтті. 60 және 70 келі салмақта ағайынды Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар топ жарса, 80 келіде қазақстандық Дәулет Фахридинов эстониялық қарсыласынан ұпай санымен басым түсіп, алтын алды. 90 келіге дейінгі салмақта Айбол Айтбек жеңіске жетті.

 

Айбол АЙТБЕК, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Оңай болған жоқ. Қол тырысып кішкене. Ол да осал балуан емес.

 

Ауыр салмақта Айбек Нұғымаров қарсыластарын түгел ұтып, қазақ күресінен шыққан тұңғыш төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Шығысқазақстандық балуан финалда грузин Левани Матиашвилидің осал тұсын тапты.

 

АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ

Менің тобыма түскендер ең мықтылар болды. Финалдағы грузин балуаны ол бірнеше Еуропа чемпионатын дзюдодан алған. Бірінші рет кездесіп тұрмын. Ауырлау болды.

 

Бүгінгі таңда қазақ күресі ресми түрде 30 елден өз өкілдігін ашып, шеберлігі толысқан білекті балуандар қатары арта бастады. Енді дүниежүізілік қазақ күресі қауымдастығы жетінші әлем біріншілігін келер жылы тамыз айында Астана ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында елордада өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Индонезияда Азия біріншілігінің жалауы желбірейді.

 

СЕРІК ТҮКЕЕВ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Енді Азия чемпионаттарын жыл сайын өткізіп жатырмыз. Келесі жылға жоспар қойып отырғанымыз Америка және Африка чемпионаттарын өткізуіміз керек екі жылда бір. Сол елдерде қазақ күресі федерацияларын дамытуымыз керек.

 

Сурет: Турар Казангапов

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер