Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Геннадий Головкиннің 2010 жылғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық Милтон Нуньеске қарсы өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Колумбиялық боксшы бүгінге дейін кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізіп, 33-інде жеңген (29 КО), ал 16-сында жеңілген және бір қарсыласымен тең түскен. Естеріңізде болса, Нуньес 2010 жылы отандасымыз Головкиннен алғашқы раундта нокаутпен жеңілген болатын.

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер